Қазақстанда қанша көлік тіркелген
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 млн 700 мың болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, оның 88,1% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2% – автобустар.
Айта кетерлігі, 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында барлығы 1 млн 836 мың автокөлік тіркелген. Олардың басым бөлігі желтоқсан айында есепке қойылған екен.
Сонымен қатар елімізде әлі де ескі көліктер саны басым. Ресми мәлімет бойынша 20 жылдан аса жүрілген көліктер саны – 2 млн 518 мың автокөлік болып отыр. Ал шыққанына 10-20 жыл болған көліктер – 1 млн 361 мың автокөлік екені белгілі болды.
Өңірлер бойынша ең көп көлік Алматы қаласы (667 мың көлік) мен Алматы облысында (610 мың көлік) тіркелген. Қазақстан бойынша дипломатиялық нөмірмен жүрген 51 мың көлік болса, өңірі көрсетілмеген 314 мың темір тұлпар бар екен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматыда бірқатар заңсыз коммерциялық нүктелер бұзылып жатыр
Өзгелердің жаңалығы