Қазақстанда қалдықтарды энергияға айналдыратын зауыттар салынады
Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Shaanxi Construction Engineering Kazakhstan Co., Ltd» және «East Hope» компанияларымен бірлесіп, Астана мен Шымкентте қалдықтарды энергияға айналдырып өңдейтін зауыттар салу жөнінде инвестициялық келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанада тәулігіне 1 500 тонна тұрмыстық қалдықты (жылына 550 мың тонна) өңдейтін кәсіпорын салынып, 94,4 млрд теңге инвестиция тартылады.
Шымкенттегі зауыт тәулігіне 1 000 тонна қалдық өңдейді, жобаның құны – 53,9 млрд теңге.
Жобалар іске асқанда 550-ден астам уақытша және 200 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Бұл полигондарға түсетін қалдық көлемін азайтып, экологиялық таза электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.
Бұған дейін ұқсас жоба Алматы қаласында қытайлық инвесторлардың қатысуымен басталған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлері марапатталды
Өзгелердің жаңалығы