Бүгiн 2026, 06:35
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстанда қалдықтарды басқарудың жаңа тұжырымдамасы іске асырылады
Кеңес қорытындысы бойынша министр тұжырымдаманы белгіленген мерзімде сапалы іске асыруды тапсырды.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың төрағалығымен 2026-2030 жылдарға арналған қалдықтардың барлық түрлерін басқару тұжырымдамасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу барысында «Жасыл Даму» АҚ-мен бірлесіп әзірленген, қалдықтарды басқарудың тиімді ұлттық жүйесін қалыптастыруға бағытталған ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бағдарламасы талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша министр тұжырымдаманы белгіленген мерзімде сапалы іске асыруды тапсырды.