Қазақстанда паспорт алу үшін мемлекеттік баж ставкасы өзгереді

Жаңа мемлекеттік баж бойынша төлқұжаттар мен жеке куәліктер қашан берілетінін мәлімдеді. деп хабарлайды BAQ.KZ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттің ақпаратына сәйкес, мүліктік сипаттағы талап арыздардан соттарда мемлекеттік баж сомасының жоғарғы шегі белгіленді:

жеке тұлғалар үшін – талап қою сомасының 1 пайызы, бірақ 10 000 АЕК-тен артық емес;

заңды тұлғалар үшін – талап қою сомасының 3 пайызы, бірақ 20 000 АЕК-тен артық емес.

Сонымен қатар сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттар бойынша ставканы қолдану тәртібі өзгертілді. Осылайша, мемлекеттік баж мөлшерлемесі өтініш берген субъектіге байланысты қолданылады. Аталған өзгерістер 2023 жылғы 21 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы азаматының (16 жасқа дейінгі балалар үшін) паспортын бергені үшін ставкалар 8-ден 4 АЕК-ке дейін төмендетілді.

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (16 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бергені үшін мөлшерлемелер белгіленді:

36 бет – 8 АЕК;

48 бет – 12 АЕК;

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бергені үшін оны бір жыл ішінде екі реттен артық жоғалтуына байланысты – 1 АЕК мөлшерлемесін белгілеу.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: zakon.kz
Өзгелердің жаңалығы