Қазақстанда өздігінен жүретін такси қашан іске қосылатыны белгілі болды

Қазақстанда өздігінен жүретін такси қашан іске қосылатыны белгілі болды. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан халықаралық Qazaqstan NEXT 2026 форумында кантри менеджер Арай Бекембаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, былтыр желтоқсан айында ерекше таксиді іске қосуға Астана әкімдігімен меморандумдарға қол қойылған.

Былтыр жыл соңында біз Көлік министрлігі және Астана әкімдігімен меморандумға қол қойдық. Көп нәрсе соған байланысты болады, неге десеңіз, қазір көліктің автоматтандыру деңгейі қандай болатыны жөнінде шешім әлі қабылданып жатыр. Ақпарат үшін айта кетейін: автоматтандырудың 4 деңгейі бар, жалпы 5 деңгей де бар, бірақ ол туралы әзірге көп қозғамай-ақ қояйын. Коммерциялық сапар жүзеге асатын кезеңде ол жерде жүргізуші болмайды. Ал үшінші деңгейде жүргізуші бәрібір көліктің ішінде болады, ол дайын отырады, - деп атап өтті inDrive компаниясының кантри менеджері.

Ол қазіргі таңда нақты осының қайсысы болатыны шешіліп жатқанын алға тартты.

Level 3 пе, әлде Level 4 пе. Егер бұл Level 4 болса, біз де, DRIVE та Level 4 деңгейіндегі автоматтандыру технологиясын өндірушілердің бірін таңдауға міндеттеме алдық. Қазір арнайы қаулыны күтіп отырмыз, шамамен бәрі барлық тарапты қанағаттандырса, егер бұл пилотқа қатысып жатқан қоғамдастықтар тек біз ғана болмаса, онда біз жазға қарай бастаймыз деп жоспарлап отырмыз, - деді Арай Бекембаев.

Еске салайық, елордада жаһандық трендтерге арналған Qazaqstan NEXT 2026 форумы өтуде.

Айта кетерлігі, Qazcontent АҚ – форумның ресми медиасеріктесі болып отыр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы