Қазақстанда өткен аптада қанша қылмыс тіркелді?

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингі барысында ІІМ ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өткен аптада елімізде 2533 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, оның 1655-і "ізі суымай" ашылды. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жедел әрекет етуі арқасында 11 адам өлтіру, 5 денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 16 тонау және 218 бөтен мүлікті ұрлау оқиғалары әшкере болды, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы