12 Тамыз 2025 2025, 14:05
Фото: - архив/ Арман Мухатов
Қазақстанда орыс тілінде оқытатын сыныптар жабыла ма?
Елімізде қазақ тілінде оқытатын сыныптардың саны өсіп жатқанымен, орыс тіліндегі сыныптарды жабу жоспарланбайды.
Елімізде қазақ тілінде оқытатын сыныптардың саны өсіп жатқанымен, орыс тіліндегі сыныптарды жабу жоспарланбайды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкіметтегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, сыныптардың ашылуы ата-аналардың таңдауына ғана байланысты.
Ондай жоспар жоқ, бірден айтайын. Сыныпты таңдау – ата-ананың құқығы, сондықтан сыныптар да сол таңдауға қарай ашылады. Қазір, көріп отырғандарыңыздай, балаларын қазақ тілінде оқытқысы келетін ата-аналардың саны артып келеді. Бұл – табиғи үдеріс. Мемлекеттің арнайы жоспары немесе бағдарламасы жоқ. Ең бастысы – кез келген білім беру ұйымында сапалы оқытуды қамтамасыз ету, – деді министр.
Ғани Бейсембаев мемлекет үшін басты міндет – оқыту тіліне қарамастан, жоғары деңгейдегі білім сапасын қамтамасыз ету екенін атап өтті.
Айта кетейік, министр Ғани Бейсембаев "Мектепке хиджабпен келуге бола ма?" деген сауалға жауап берген еді.