Қазақстанда орташа жалақы 423 мың теңгеге жетті

Елімізде орташа жалақы мөлшері өсіп, қазіргі таңда 423 мың теңгеге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

Айтуынша, жартыжылдықтың қорытындысына сәйкес, 250 мың адам жұмыспен қамтылған. 

Мемлекет басшысы Үкімет алдына өмір сапасын жақсарту, халықтың әлжуаз топтарын қорғау және әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыру жөнінде тапсырмалар берген болатын. Бұл бағытта кешенді жұмыс атқарылуда. Бүгінгі таңда мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық орындауда. Бюджеттің жартысынан көбі осы салаға жұмсалады. Соның ішінде бірнеше санаттарға тоқтала кетсем, баласы бар отбасыларды қолдауға қатысты, жыл басынан бері 1,2 млн баласы бар отбасылардың жәрдемақылары 6,5%-ке арттырылды. Оған республикалық бюджеттен 870 млрд тенге бөлінді. Ол 2024 жылмен салыстырғанда шамамен 17%-ке көп, - деп атап өтті вице-премьер.

Сонымен қатар Үкімет басшысының орынбасары атаулы әлеуметтік көмек 245 мың адамға 16,2 млрд тенге көлемінде төленгенін алға тартты. Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі және қарт адамдарды қолдауға Үкіметтің алдына ерекше назар бөлу туралы міндет қойғаны белгілі. Жыл басынан бері зейнетақы төлемдері 8,5%-ға арттырылды. Зейнетақының орташа мөлшері 180 мың теңгені құрайды. Бұл мақсатқа көзделген сома – 4 трлн теңге.

Жалақыны арттыру – халықты көп толғандыратын мәселе. Еліміздегі орташа жалақы мөлшері өсіп, қазіргі таңда 423 мың теңгені құрайды. Ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі 600 мың азаматтық қызметшілердің еңбекақысының өсуіне ықпал етті. Жарты жылдың қорытындысы бойынша 250 мың адам жұмыспен қамтылды. Бұл бағытта цифрлық платформа енгізілуде. Негізгі мақсат – нақты көмекке мұқтаж отбасыларды қолдау. Бұл Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы,- деді Ермек Көшербаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы