Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі 7,2%-ға өсті: министр импорттың азайғанын айтты

Өңдеу өнеркәсібі 7,2%-ға өсіп, импорт азайды. Бұл туралы үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің дерегінше, төрт айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 7,2 пайызға өсіп, 9 триллион теңге көлемінде өнім шығарылды. Ең жоғары өсім машина жасау (111,2%), химия өнеркәсібі (111,2%), құрылыс индустриясы (112,9%) және жиһаз өндірісі (114,8%) салаларында байқалады.

Отандық тауар өңдірушілерді қолдау үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ведомство бірқатар шараны іске асырып жатыр:

- реттелетін сатып алулар аясында отандық тауар өндірушілерді қолдау;

- ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк-келісімдерге қолдау көрсету;

- дайын өндіріс алаңдарын дамыту;

- заңнамалық түзетулерді қабылдау;

- отандық тауар өндірушілер тізілімін іске қосу.

Бұл жұмыстар, отандық өнімге сұранысты ұлғайтып, кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуіне ықпал етті.
Нәтижесінде жыл басынан өңдеу саласында импорт көрсеткіші төмендеп, отандық өндіріс көлемі ұлғайды. Оң көрсеткіштер металлургия, электрондық және жеңіл өнеркәсіп салаларында байқалады, – дейді Нағаспаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы