Қазақстанда несие арзандай ма: Ұлттық банк басшысы мәлімдеме жасады
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, инфляция деңгейі төмендеп келеді, ал қолайлы жағдай қалыптасса, ақша-кредит саясатын жұмсарту жалғасуы мүмкін.
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов қолайлы макроэкономикалық жағдай сақталған жағдайда базалық мөлшерлеме алдағы уақытта тағы да төмендеуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның сөзінше, елімізде инфляцияны тежеу бағытында оң нәтижелер байқалып отыр. Бір кезде инфляция деңгейі шамамен 30 пайызға дейін жетсе, қазір бұл көрсеткіш 10 пайызға жуықтаған.
Инфляциямен күрес бағытында оң өзгерістер жиналды. Бір кезеңде инфляция шамамен 30 пайызға дейін көтерілді, қазір ол 10 пайызға жақындады. Дегенмен бұл мәселеге өте сақ қараймыз. Инфляцияны толық жеңдік деп арқаны кеңге салып отыруға болмайды, – деп атап өтті Тимур Сүлейменов.
Ол сондай-ақ Ұлттық банк ақша-кредит саясатын біртіндеп жұмсарту процесін бастап кеткенін еске салды. Осы мақсатта базалық мөлшерлеме 18 пайыздан 17 пайызға дейін төмендетілген.
Ақша-кредит саясатын жұмсарту бағытындағы алғашқы қадамдар жасалды. Базалық мөлшерлемені бірден 18 пайыздан 17 пайызға дейін, яғни 1 пайыздық тармаққа төмендеттік. Егер оған қажетті жағдайлар қалыптасса, бұл саясатты әрі қарай жалғастырамыз, – деді Ұлттық банк төрағасы.
Сонымен қатар Тимур Сүлейменов реттеуші органның алдағы шешімдерді қабылдау кезінде сақтық танытатынын атап өтті. Оның айтуынша, әлемдік экономикада да, ел ішінде де тәуекелдер мен белгісіздік факторлары әлі де сақталып отыр.
- 29 перзентханада санитарлық режим бұзылған – Денсаулық сақтау министрлігі 09.09.2026
- Артық жүк жолды тоздырып жатыр: «ҚазАвтоЖол» 870 мың заң бұзушылықты тіркеді 09.09.2026
- Астанаға ағылған халық: 6 айда елордаға 32 мың адам көшіп келген 09.09.2026
- Қазақстан мен Әзербайжан пароммен жолаушылар тасымалын қайта бастайды 09.09.2026
- Алматы облысында 18,1 млрд теңгелік жылыжай кешені бой көтеріп жатыр 09.09.2026
- Жаңбыр мен аптап ыстық: 10 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 09.09.2026
- Жүргізушілерге ескерту: Астанада маңызды жол учаскесі 6 күнге жабылады 09.09.2026