Қазақстанда неше өрт сөндіру депосы жетіспейді

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Мәжілістегі комитет отырысында елімізге неше өрт сөндіру бөлімі жетіспейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ведомство басшысы өрт сөндіру бөлімдерін салу тәсілі қайта қаралғанын атап өтті.

Тамыз айында елордада жатақханасы бар бірегей өрт сөндіру бекеті ашылды, ол 3,5 айда заманауи технологияларға сай жылдам салынатын конструкциялардан салынды. Осыған ұқсас «құрылыс генокоды» барлық өңірде енгізіледі, - деді министр Әрінов.

ТЖМ басшысы атап өткендей, республика бойынша 432 өрт сөндіру бөлімі бар, енді 121 өрт сөндіру депосын салу қажет.

Сондай-ақ, қаржыны үнемдеу есебінен өз күшімізбен өрт сөндіру бөлімдерін жөндеп, аумақты абаттандырып жатырмыз. Мысалы, Ақмола облысында бірегей пилоттық жоба іске қосылды. Ескі өрт сөндіру бекетін жөндегеннен кейін өрт сөндірушілер, дәрігерлер және құтқарушылардан тұратын бөлімше құрылды. Бұл жедел түрде көмек көрсетуді арттырады және адам өмірін уақтылы құтқаруға мүмкіндік береді, - деп айтты Шыңғыс Әрінов.

Еске салсақ, құтқарушыларға қосымша төлем берілетіні туралы жазған едік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов -архив
Өзгелердің жаңалығы