Бүгiн 2026, 11:00 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арайлым Алтайқызы

Қазақстанда наурыздағы ең қысқа жұмыс аптасы басталды

Наурыздағы рекорд: Қазақстандықтар бұл айда неше күн демалды?

Қазақстанда мерекелік демалыстардан кейінгі ең қысқа жұмыс аптасы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биылғы Наурыз мейрамын мерекелеу аясында қазақстандықтар бес күн қатарынан - 21 наурыздан 25 наурызға дейін (қоса алғанда) демалды.

Қолданыстағы заңнамаға және еңбек күнтізбесіне сәйкес, бүгін, 26 наурыз - бес күндік жұмыс аптасы бойынша еңбек ететін азаматтар үшін алғашқы жұмыс күні.

Осылайша, бес күндік жұмыс кестесіндегі қызметкерлер үшін ағымдағы апта небәрі екі жұмыс күнінен (бейсенбі және жұма) тұрады.

Алдағы сенбі мен жексенбі, яғни 28-29 наурыз - кезекті демалыс күндері болып саналады.

Ал алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететіндер үшін демалыс кезеңі 21, 22 және 23 наурыз күндерін қамтыды. Бұл санаттағы қызметкерлер 24 наурыз, сейсенбі күні өз міндеттерін атқаруға кіріскен болатын.

Айта кетейік, наурыз айындағы мерекелік күндердің жиілігі айлық жұмыс уақытының балансына айтарлықтай әсер етті.

Бұл кезең күнтізбелік жылдағы ең ұзақ демалыс циклдерінің бірі ретінде тіркелді.

Сондай-ақ, қазір қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда. Олардың сабағы 30 наурызда басталады.