Қазақстанда Наурыз есімді 119 полицей қызмет етеді

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ерекше статистиканы ұсынды. Қазақстандық полиция қатарында Наурыз есімді тәртіп сақшысы қызмет етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Балаға ат қою рәсімі қазақ мәдениетінде әрдайым маңызға ие. Адамның есімі оның тағдырымен, болашағымен тікелей байланысты деген ұғым да бар. Ат тарихи оқиғалар мен тұлғаларға ғана арналып қойылмайды. Ол табиғи құбылыстарға, ата-ананың тілек-сеніміне қарай таңдалуы мүмкін. Наурыз есімді 119 полицейдің ішінде төртеуі нәзік жандылар. Наурызбай — 55 Наурызбек — 41 Наурыз — 12 Наурызгүл — 4 Наурызхан — 3 Наурызғали — 2 Наурызжан — 1 Бекнаурыз — 1.
Бұл статистика Наурыз дәстүрлері мен мәдениетінің заманауи Қазақстанда нығайып келе жатқанын айқын көрсетеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Гавай аралында әлемдегі ең биік жанартау оянды
Өзгелердің жаңалығы