Қазақстанда нәрестелерге ең жиі қойылған есімдер белгілі болды

2025 жылы Қазақстанда нәрестелерге ең жиі қойылған есімдер белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2025 жылы ұлдар арасында Мұхаммед, Алихан, Айсұлтан, Омар және Алдияр есімдері ең танымал болды. Былтырғы жылмен салыстырғанда ұлдарға қойылған танымал есімдер тізімі өзгеріссіз қалды. Аймақтық тұрғыдан алғанда, ұлдарға ең жиі қойылған есімдер Мұхаммед пен Алан. 2025 жылы дүниеге келген қыздарға көбіне Айлин, Асылым, Медина, Айша және Томирис есімдері берілген. Аймақтарды алып қарасақ, Айлин есімі ең танымал болып шықты, 20 аймақтың 16-да осы есім ең танымал болған. Биылғы қыздар есімдері арасында да алғашқы бестік былтырғы тізіммен бірдей болып шықты, - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы. 

Айта кетейік, осы жылы орыс ұлтының өкілдері арасында ең танымал есімдер Ева мен Мирон болса, өзбек ұлтының өкілдері арасында Мухаммад пен Хадича есімдері тізім басында тұр. 

Айта кетейік, белгілі уақыт аралығында аймақ, ұлт, жыныс бойынша танымал болған есімдерді Бюроның «Танымал есімдер» сервисі арқылы білуге болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архиві / Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы