6 Қазан 2026, 10:09 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстанда мұнай қозғалысы ұңғымадан бастап жанармай құю станциясына дейін бақыланады

Мұнай қозғалысы ұңғымадан бастап АЖС-ға дейін цифрлық жүйе арқылы бақыланады.

Қазақстанда энергетикалық ресурстарды өндіруден бастап соңғы тұтынушыға дейін толық цифрлық бақылау жүйесін құру жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұнай саласында есепке алу мұнай мен мұнай өнімдерінің бүкіл қозғалысын – ұңғымадан бастап автожанармай құю станцияларына дейін қамтуға тиіс.

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Оның айтуынша, цифрлық есеп өндірістік тізбектің әр кезеңіндегі ақпаратты салыстыруға, сәйкессіздіктерді жедел анықтауға және ресурстарды есепке алудың дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Энергетикалық ресурстарды өндіруден тұтынуға дейін толық қадағалауды қамтамасыз ету қажет. Ол үшін мұнай мен мұнай өнімдерінің ұңғымадан бастап АЖС-ға дейінгі қозғалысын есепке алу керек. Бұл деректерді салыстыруға, сәйкессіздіктерді анықтауға және ресурстарды дәл есепке алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді Ерлан Ақкенженов.

Нәтижесінде Энергетика министрлігі энергетикалық ресурстардың ысырабын айтарлықтай азайтуды көздеп отыр.

Нәтижесінде энергетикалық ресурстардың ысырабын 90%-ға дейін қысқарту көзделіп отыр. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіледі, – деді министр.

Ақкенженовтің айтуынша, 2026 жылы негізгі назар пилоттық цифрлық егіздерді іске қосуға, жасанды интеллектіні пайдалану арқылы жобаларды енгізуге және саланың бірыңғай цифрлық архитектурасын бекітуге аударылады. Энергетика саласындағы стратегияда көзделген барлық 20 іс-шараны 2029 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр.