Бүгiн 2026, 10:30
Фото: ҚТЖ
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы вагондар қашан пайда болады
2030 жылға қарай әрбір құрамда кемінде бір арнайы вагон болады.
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында мүгедектігі бар азаматтарға арналған көлік инфрақұрылымының жабдықталуы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, теміржол көлігінде құрамдардың шамамен 90%-ы көтергіш құрылғылармен және бейімделген купелермен жабдықталған.
2030 жылға қарай әрбір құрамда кемінде бір арнайы вагон болады. Вокзалдарды қайта жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында қолжетімділікке қажетті элементтер қарастырылған: пандустар, лифтілер, көтергіш құрылғылар орнатылады, касса аймақтары мен санитарлық тораптар қайта жабдықталады. Сондай-ақ теміржол билеттеріне 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған, арнайы купелерге онлайн рәсімдеу мүмкіндігі бар, – дейді Нұрлан Сауранбаев.