Қазақстанда мұғалімдерге сабақта ChatGPT-ді қолдануға рұқсат беріледі
Енді ұстаздар Canva, ChatGPT, Gemini Storybook, Notebook LM, Reading Coach, Google Lens және өзге де сервистерді сабақта қолдана алады.
Педагогтердің жасанды интеллектіні қолдануына қатысты әдістемелік ұсыным әзірленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанда ЖИ технологияларын мектеп тәжірибесіне енгізудің әдістемелік негіздері бекітілді. Тиісті талаптар мен шектеулер Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген құжатта нақтыланған.
Әдістемені әзірлеудегі басты ұстаным жасанды интеллект мұғалімді алмастырмайды деген қағида. Жасанды интеллект тек сабақ дайындауға, материалды бейімдеуге, талдау жасауға көмектесетін құрал ретінде қарастырылады. Оқушыны бағалау, оқу мазмұнын таңдау және соңғы шешім қабылдау құқығы толықтай мұғалімнің құзырында қалады. Білім нәтижелерін толық автоматтандыруға жол берілмейді. Сондықтан жасанды интеллект дайындаған кез келген материал мұғалімнің тексеруінен өтуі тиіс, - дейді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметінше, құжат цифрлық қауіпсіздікке ерекше мән береді. Оның ішінде оқушылардың жеке деректерін бөгде сервистерге енгізуге болмайды, сабақта қолданылатын платформалар заңнамалық талапқа сай болуы керек.
Сонымен қатар, академиялық адалдықты сақтауға ерекше мән беріледі. Оқушылар ЖИ арқылы дайындалған жұмыстарын өз еңбегі ретінде ұсына алмайды, мұғалімдер қажет болған жағдайда тапсырманы қайта бере алады.
Әдістемелік ұсынымда педагогтерге Canva, ChatGPT, Gemini Storybook, Notebook LM, Reading Coach, Google Lens және өзге де сервистерді сабақта қолданудың дайын алгоритмдері мен сценарийлері берілген. Бұл мұғалімнің әкімшілік жүктемесін азайтып, оқу материалдарын оқушының жеке ерекшеліктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыным Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайтында қолжетімді. Оны педагогтер, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының басшылары, оқушылар пайдалана алады, - делінген хабарламада.
- Алматыда оқушы көбейіп, мектеп жетпей жатыр: Ең қиын жағдай қай ауданда? 10:10
- Ғалымдар тозған жайылымдарды қалпына келтіретін технология ойлап тапты 09:49
- Қазақстанда заңсыз еңбек еткен 3,8 мыңнан астам шетелдік анықталды 09:09
- Жалған аккаунттар көбейді: ІІМ азаматтарды сақ болуға шақырды 08:54
- Алматыда роботакси таныстырылды 08:42
- Әлеуметтік желіге қатаң тыйым: Ұлыбритания жаңа заң қабылдамақ 08:32
- ӘЧ – 2026: Тағы үш матч тең аяқталды 08:11