Қазақстанда міндетті кибер сақтандыруды енгізу ұсынылып отыр
Киберқауіпсіздік қатерлері туралы халықтың хабардарлығын арттыру үшін арнайы оқыту платформасы іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жалпы бюджетінен ақпараттық қауіпсіздікті бюджеттеу бойынша қаржыландыруды кемінде 10-15% деңгейінде белгілеу жоспарлануда.
Біз суперәкімшілердің, яғни жеке деректер көп мөлшерде шоғырланған ақпараттық жүйелерге қызмет көрсететін адамдардың қызметіне бақылау орнатпақыпыз. Олардың тарапынан жасалуы ықтимал заңсыз әрекеттерге тосқауыл қою үшін олар үшін жеке жауапкершілік белгілемекпіз – бұл қарапайым пайдаланушыға белгіленгеннен гөрі қатаңырақ болады, - деді ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сондай-ақ, киберқауіпсіздік және дербес деректерді қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін айыппұлдарды ұлғайту жоспарлануда. Қазіргі уақытта айыппұлдар мөлшері 10 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін. Бұдан басқа, бір миллионнан астам субъектінің дербес деректерін өңдейтін Дербес деректер операторлары үшін міндетті кибер сақтандыруды енгізу ұсынылып отыр.
Егер қандай да бір ұйым дербес деректердің жоғалуына жол берсе, тиісінше азаматтар келтірген залал үшін сақтандыру төлемдерін сақтандыру компаниясы жүзеге асырады, - деді спикер.
Мұны, ең алдымен, операторлардың назарын жеке деректерді қорғауға көбірек аудару үшін жасалады.
Сондай-ақ, жиілеп кеткен дербес деректердің таралуы фактілеріне қарсы іс-қимыл жасау мақсатында таралған деректердің бірыңғай тізілімін құру ұсынылды, бұл дербес деректердің таралып кету жағдайлары, деректердің таралуына жол берген компаниялар және азаматтар мен тікелей азаматтардың «таралған» жеке деректерін туралы ақпаратты қамтитын орталықтандырылған дерекқор болып табылады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта ЭЦҚ-ны файлдық ақпарат тасығыштарда пайдаланудан бас тарту мәселесі қаралуда.