Қазақстанда мемлекеттік сатып алу рәсімдері толығымен автоматтандырылды
Елімізде мемлекеттік сатып алу жүйесі толық электрондық форматқа көшірілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, электрондық портал жүйесінде 18 мың тапсырыс беруші және 120 мыңға жуық белсенді өнім беруші тіркелген.
2025 жылдың қорытындысы бойынша «бір көзден сатып алу» жалпы сатып алулардың 24%-ын құрады. 1 миллионнан астам сатып алу өткізілді. Жалпы сатып алулар көлемі 9,6 трлн теңгені құрады, тіркелген шарттар көлемі – 8,1 трлн теңге, 1 644 мың шарт жасалды. Оның ішінде отандық өнім берушілермен 456 млрд теңгеге 167 мың шарт жасалған, – деді Дәурен Кеңбеил брифингте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Facebook инвестициясы: Ақтөбелік 2,4 млн теңгесін жоғалтты
Өзгелердің жаңалығы