Қазақстанда мемлекеттік наградалар жүйесі жетілдіріледі
Мәжіліс осы мәселеге қатысты заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Осылайша Мәжіліс екі заң жобасын жұмысқа алды.
Олар:
- "ҚР мемлекеттiк наградалары туралы" заңға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы;
- Қазақстан мен Вьетнам Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру жөніндегі шартты ратификациялау туралы.
Депутат Айгүл Құспанның айтуынша, мемлекеттік наградалар туралы заң жобасы Мемлекет басшысының “Адал адам – адал еңбек – адал табыс” ұлттық құрылтайының үшінші отырысында берілген тапсырмасын орындау аясында Парламенттің бір топ депутатының бастамасымен әзірленді.
Мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіру және аса көрнекті әскери тұлғаларымыздың ерлігін мәңгі есте қалдыру мақсатында Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбаев батырлар есімдерін “Айбын” орденінің дәрежелеріне беру жөнінде өзгерістер мен толықтыру ұсынылады, - деді депутат.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында «Айбын» орденінің түрлі дәрежесін Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімімен атауды ұсынғанын еске сала кетейік.