Қазақстанда мектеп психологтарының мүмкіндігі шектеулі – сарапшы
Қазақстанда жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицидтік мінез-құлық мәселесі барған сайын өзекті болуда. «Өркен» институтының практик психологы Айгерім Даулеттың айтуынша, мәселенің шешімі тек мамандардың кәсіби даярлығында емес, сонымен қатар мектептер мен отбасылар арасындағы өзара байланыс пен қолдауда жатыр. «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми практикалық институтының Кәсіптік даму департаменті, академиялық бөлімінің аға оқытушысы, практик психолог, әлеуметтік педагог Айгерім Даулет BAQ.KZ тілшісіне осы мәселе төңірегінде сұқбат берді.
Қазіргі қоғамда суицид мәселесі психология ғылымы мен практикалық психологиялық қызметтің ең өзекті бағыттарының бірі болып отыр. Қазақстан жағдайында жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың таралуы практик психологтардың кәсіби даярлығының сапасына тікелей байланысты. Осыған орай, практик психологтарды даярлау жүйесінің суицидке бейім адамдарды тәжірибе жүзінде талдап анықтау әлеуметтік тұрғыдан маңызды.
Қазақстан Республикасында практик психологтар негізінен жоғары білім беру жүйесі арқылы дайындалады. Психолог мамандарды даярлау “Психология” білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриат және магистратура деңгейлерінде жүзеге асырылады.
Бакалавриат кезеңінде студенттер психологияның жалпы теориялық негіздерін, даму психологиясын, әлеуметтік және педагогикалық психологияны, психодиагностиканың базалық әдістерін меңгереді. Магистратурада кеңес беру психологиясы, қолданбалы психодиагностика, клиникалық психология элементтері және ғылыми-зерттеу әдістері тереңдетіле оқытылады. Сонымен қатар, оқу барысында студенттер білім беру ұйымдарында, медициналық және әлеуметтік мекемелерде тәжірибеден өтеді. Алайда бұл тәжірибелер көбіне профилактикалық және бақылау сипатында болып, дағдарыстық жағдайлармен жүйелі жұмыс жүргізуге жеткіліксіз болып келеді, - деді маман.
Практик психологтар кәсіби даярлықтарын қайта даярлау курстарынан, психотерапия бағыттары бойынша (КПТ, гештальт, арт-терапия, отбасылық кеңес беру және т.б.) біліктілікті арттыру бағдарламаларынан тереңдетіп, әртүрлі әдістермен жұмыс жасап өз білімін практика жүзінде дамыта алады.
Практик психологтардың суицидке бейім адамдарды анықтау мүмкіндіктері олардың алған базалық даярлығымен шектеледі. Жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларында суицидология, девиантты мінез-құлық психологиясы және дағдарыстық жағдайлар тақырыптары қамтылғанымен, суицидтік тәуекелді клиникалық тұрғыда бағалау, қауіп деңгейін дәл анықтау және жедел араласу алгоритмдері жеткілікті деңгейде қалыптаспайды. Көп жағдайда психологтар суицидке бейімділікті стандартты психодиагностикалық тесттер арқылы анықтауға тырысады. Алайда ғылыми зерттеулер суицидтік мінез-құлықты тек тест нәтижелерімен бағалау сенімсіз екенін көрсетеді, себебі бұл құбылыс тұлғаның психоэмоционалдық күйімен, әлеуметтік ортасымен және өмірлік жағдайларымен тығыз байланысты, - деп айтты Айгерім Даулет.
Психологтың айтуынша, қазақстандық зерттеулер жасөспірімдер мен студент жастар арасында суицидтік мінез-құлықтың депрессия, мазасыздық, эмоционалдық күйзеліс және әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігімен байланысты екенін көрсетеді. Психометриялық скрининг әдістері тәуекел тобын алдын ала анықтауға мүмкіндік береді, бірақ оларды клиникалық сұхбатпен және мінез-құлықтық бақылаумен толықтырмайынша, нақты бағалау қиынға соғады.
Практик психологтардың жұмыс тәжірибесінде дағдарыстық жағдайлармен жұмыс істеу елеулі қиындықтар туғызады. Әсіресе мектеп пен колледж психологтары әкімшілік жүктеменің көптігіне, уақыттың шектеулігіне және арнайы супервизияның болмауына байланысты суицид қаупі жоғары адамдармен терең және жүйелі жұмыс жүргізе алмайды. Мұндай жағдайда психологтың жалғыз әрекет етуі қауіпті, - дейді ол.
Ғылыми әдебиеттерде суицидтің алдын алуда мультидисциплинарлық тәсілдің тиімді екені көрсетілген - психолог, психиатр және әлеуметтік қызмет өкілдерінің бірлескен жұмысы.
Жалпы алғанда, Қазақстанда практик психологтарды даярлау жүйесі суицидке бейімділікті бастапқы деңгейде байқауға мүмкіндік береді, алайда жоғары қауіп деңгейін кәсіби және қауіпсіз түрде анықтауға жеткіліксіз. Суицидтік мінез-құлықтың күрделілігі арнайы даярлықты, үздіксіз кәсіби дамуды және клиникалық дағдыларды талап етеді. Сондықтан психологтарды даярлау бағдарламаларын суицидология, дағдарыстық психология және практикалық клиникалық бағалау модульдерімен күшейту, сондай-ақ міндетті супервизия мен кәсіби қолдау жүйесін енгізу өзекті мәселе, - деп санайды психолог.
Қазақстандағы мектептік практикалық психологтардың рөлі мен мәселелері
Қазақстанда практикалық психологтар көбінесе жоғарғы оқу орындарында дайындалады. Бұл мамандар әртүрлі әдістермен жұмыс істей алатын, психологиялық диагностика мен интервенция құралдарын меңгерген тұлғалар болып табылады. Мұндай тәжірибеден өткен мамандарды ғана нақты «практикалық психолог» деп атауға болады. Ал егер маман тәжірибеден өтпеген болса немесе белгілі бір әдістерді білмесе, оны практикалық психолог деп айту қиынға соғады, - деді маман.
Мектептерде педагог-психологтар жұмыс істейді, олардың міндеттері ерекше балалармен жұмыс істеуге бағытталған. Әр бағыттың өз ерекшелігі бар. Практикалық психологтар, әсіресе орта білім беру ұйымдарында, баланың мінез-құлқында өзгерістерді байқап, диагностика тесттері мен сауалнамалар арқылы анықтау жұмыстарын жүргізеді. Алайда кейде арнайы мамандар бұл процеске қосылмай қалса, баламен терең жұмыс жүргізу қиынға соғады.
Мысалы, суицидтік ойлары бар балалармен жұмыс тек арнайы дайындықтан өткен мамандар - суицидологтар немесе психотерапевтер жүргізе алады. Олар клиникалық психологияны меңгерген және арнайы мекемелерде тәжірибесі бар мамандар. Ал мектеп психологтары көбінесе алдын алу жұмыстарын бастапқы кезеңде жүргізеді, әрекетке бармас үшін баланың жағдайын анықтап, қолдау көрсетеді, - деп айтты психолог.
Мектеп психологтарының жұмысына бір қиындық – кейде ата-аналар баланың жағдайына көңіл аудармайды. Баланың проблемасы тереңірек дамып, өздігінен шешім қабылдауға итермелеген жағдайда, психологиялық көмекке жүгіну кешігеді.
Ата-аналар көбінесе маманға баруға қарсы шығып, сенбеушілік немесе қабылдауға қиындық танытады. Сол себепті мектеп психологтары анықтаған мәселелерді шешу үшін ата-аналардың белсенді қолдауы маңызды, - деп айтты ол.
Қазіргі таңда суицидтік ойлары бар балалардың көпшілігі қиын әлеуметтік немесе отбасылық жағдайларда өседі, зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар арасында бұл қауіп жоғары.
Мұндай ақпарат мәтіннің өзіне толық енгізілмеген, бірақ қажет болған жағдайда қосуға болады, - деді ол.