18 Тамыз 2024 2024, 14:04

Қазақстанда маймыл шешегінің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, елге инфекцияның әкелінуіне жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, елге инфекцияның әкелінуіне жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында маймыл шешегінің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияны елге әкелудің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдады.

Әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пункттерде бақылау шаралары күшейтілді.

Инфекцияның ықтимал таралуын болдырмау үшін Денсаулық сақтау министрлігі эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға сақтық шараларын сақтаған жөн.