Бүгiн 2026, 17:17
Қазақстанда «Мәңгілік жадымызда» порталында 700 мыңнан астам ардагер туралы дерек жинақталды
Порталда 705 мыңнан астам майдангер туралы мәлімет жарияланып, 500-ден астам көшеге ардагерлердің есімі берілмек.
Қазақстанда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай іске қосылған «Мәңгілік жадымызда» онлайн-порталында майдангерлер мен олардың Жеңіске қосқан үлесі туралы ауқымды деректер базасы жинақталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, бүгінде сайтта 705 488 ардагер туралы мәлімет жарияланған.
Олардың қатарында:
- 365 Кеңес Одағының Батыры;
- екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанған 4 адам;
- Даңқ орденінің 19 толық кавалері бар.
Сонымен қатар соғысқа қатысушылардың есімін ұлықтау аясында еліміздің түрлі өңірлеріндегі 500-ден астам көше мен даңғылға ардагерлердің есімін беру туралы шешім қабылданған.
Жоба тарихи жадыны сақтауға және Жеңіске үлес қосқан қазақстандықтардың ерлігін насихаттауға бағытталған.