22 Тамыз 2026, 18:16 Фото: istockphoto.com

Қазақстанда магистратура гранттарының нәтижесі 24 тамызда жарияланады

Әлемдік жоғары оқу орындары Қазақстан өңірлеріне келуде: бұл студенттер үшін нені өзгертеді

Магистратураға 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы 24 тамыз күні сағат 15:00-де жарияланады. Биыл конкурсқа қатысуға 23 мыңға жуық өтініш түскен. Бұл былтырмен салыстырғанда 3 мыңға көп, - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Министр әлеуметтік желідегі ресми парақшасында 2026–2027 оқу жылына магистратураға мемлекеттік білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өткенін жазды.

Комиссия құрамына министрлік, мүдделі мемлекеттік органдар, білім саласындағы кәсіподақтар, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді. Отырыс барысында үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік білім гранттары қолданыстағы ережелерге сәйкес конкурстық негізде тағайындалды, – делінген Саясат Нұрбектің хабарламасында.

Биыл магистратура гранттары конкурсына қатысу үшін 23 мыңға жуық өтініш қабылданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға көп.

Үміткерлер арасында «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», сондай-ақ «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бағыттарына сұраныс жоғары.

Конкурстық іріктеу қорытындысы 24 тамызда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады:

Министрліктің ресми сайты;

Telegram арнасы;

Facebook парақшасы;

Instagram парақшасы.

Болашақ магистранттарды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау 2026 жылғы 28 тамызды қоса алғанға дейін жалғасады.