Қазақстанда лотерея ұтқандар маска киіп, көзәйнек тағып келеді
Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2023 жылдың қорытындысы бойынша бүкіл лотереялық өнімдердің ұтыс қоры, яғни, аударылған ұтыс көлемі 305 млрд теңге болды. Ал ұтыс операторларының жалпы ақша айналымы 356 млрд теңге. Бірақ біз азаматтардың ұтқаны туралы мәліметтерді жиі ести бермейміз. Өйткені лотерея жеңімпаздарының көбі ұтысын жариялағысы келмейді. Сұхбат бермейді, фотосессиядан бас тартады. Ұтыс сомасы мен жеке дерегін жариялаған жағдайда сотқа беретіндерін айтып, қорқытады, - деді вице-министр.
Оның айтуынша, ұтысын алуға маска киіп, көзәйнек тағып келетін жайттар болған.
Бұған дейін вице-министр лотерея - құмар ойын емес екенін айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада қысқы спорт маусымы "Бұрқасын" фестивалімен аяқталады
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы