23 Қараша 2026, 14:42 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

Қазақстанда күн райы күрт құбылады: Қай өңірлерде қар мен көктайғақ болады?

Қазақстанда алдағы күндері циклондар сериясы әсер етеді. Бірқатар өңірде қар, жаңбыр, көктайғақ пен тұман күтілсе, оңтүстікте күн жылынады.

Алдағы 24-26 қараша күндері Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Ел аумағы арқылы солтүстік-батыс циклондар сериясы өтеді. Соның әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, 24 қарашада Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысының жекелеген аудандарында қатты жауын-шашын болады. Сонымен қатар елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ құбылыстары болжанып отыр.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.

Ауа температурасы фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 26 қарашаға қарай күндіз ауа температурасы қолайлы деңгейге дейін жоғарылайды. Бұл өңірлерде термометр бағандары +15…+25 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Тағы оқи отырыңыз: Астанада аяз, Алматыда жаңбыр мен қар күтіледі: 30 қарашаға дейінгі ауа райы болжамы