26 Қазан 2026, 18:19 Фото: ©BAQ.KZ

Қазақстанда күн қайта жылынады

Дегенмен түнде үсік сақталады.

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнгі уақытта елдің барлық дерлік өңірінде ауа температурасы нөлден төмендейді. Ал күндіз ауа біртіндеп:

  • солтүстік пен шығыста – +5…+10 градусқа дейін;

  • батыста – +15…+20 градусқа дейін;

  • республиканың оңтүстігінде – +12…+17 градусқа дейін жылынады.