Қазақстанда күн күрт суытады: Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы
Самара үстіндегі циклон Қазақстанның батысына жаңбыр мен салқын ауа әкеледі. Кей өңірлерде температура бірнеше градусқа төмендейді. Ал қай жерде күн ашық болады?
«Қазгидромет» РМК мамандары 2026 жылғы 8-10 қыркүйекке арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды.
Қазақстанның батысында жаңбыр жауады
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның батыс өңірлеріне орталығы Самара қаласының үстінде орналасқан циклон әсер етеді. Циклон жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, ауа температурасының төмендеуіне себеп болады.
Республиканың қалған аумағында жаздағыдай жылы ауа райы сақталады. Елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Тек еліміздің шығысында антициклонның жотасы әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады, - делінген хабарламада.
Батыс өңірлерде ауа температурасының түнде +12…+21°С-тан +7…+16°С-қа дейін, күндіз +15…+25°С-тан +13…+23°С-қа дейін төмендеуі күтіледі.
Солтүстік-батыста түнгі температура +13…+20°С-тан +5…+15°С-қа дейін, күндіз +20…+30°С-тан +15…+25°С-қа дейін төмендейді.