Қазақстанда күн +17°-қа дейін жылынғаннан кейін күрт суытады
Синоптиктер Қазақстанда күн +17°-қа дейін жылынғаннан кейін күрт суытатынын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазгидромет синоптиктері 5, 6 және 7 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады.
Осы күндердің бірінші жартысында аздаған жауын-шашын түсуі мүмкін. Осылайша, 5-6 ақпанда жауын-шашын түсіп, қар жауады. Көктайғақ болып, тұман түседі. Қатты боран соғуы да ықтимал, - делінген хабарламада.
Оңтүстік-батыс бағыттағы ауа массаларының келуі Қазақстанда ауа температурасының көтерілуіне әкеледі:
Солтүстік, Шығыс және Орталықта –3° аяздан 2°-қа дейін жылынады.
Оңтүстікте –8 °- тан 17°-қа дейін жылынады.
Оңтүстік-шығыста – 5°–тан 15°-қа дейін жылынады.
Апта соңында ғана солтүстік-батыстан келетін суық ауа массаларының әсерімен жауын-шашын тоқтап, температура күрт төмендейді, – деді синоптиктер.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер ақпан айында күн қандай болатынын хабарлаған болатын.