22 Ақпан 2024, 12:45
Фото: - архив
Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны бола ма?
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова сырқаттанушылықтың екінші толқыны туралы айтқан кезінде коронавирусты емес, жіті-респираторлық вирустық инфекцияларды меңзегенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова сырқаттанушылықтың екінші толқыны туралы айтқан кезінде коронавирусты емес, жіті-респираторлық вирустық инфекцияларды меңзегенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Zakon.kz мәліметінше, Есмағамбетова вирустық аурулар көбіне қай уақытта өршитінін айтты.
Негізінен жіті-респираторлық вирустық инфекциялардың екі рет өршуі байқалады. Бұл - қараша-желтоқсан айлары, сосын қаңтардың соңы мен ақпанның басы. Қаңтардың аяғы мен ақпанның басына дейін сырқаттанушылықтың өсімі 10% шамасында болды. Жалпы соңғы аптада сырқаттанушылық деңгейі төмендегенін атап өту керек, - деді Есмағамбетова.
Бас санитардың сөзінше, денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынымына сәйкес халыққа вакцина салдырудың қажеттігі жоқ. Қазір коронавирустан тек егде жастағы адамдарға ғана екпе салынып жатқанын айтты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан пандемияға дайындықты бастады.
- Павлодар облысында 18 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды 23:15
- Астанада бірқатар көше жөндеу жұмысына байланысты жабылады 22:44
- Алматыда интимдік қызмет көрсететін 430-дан астам пәтер анықталды 22:15
- Жексенбіде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды 21:52
- Еуропа кубогы кезеңі: Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасында жеңімпаз атанды 21:22
- Норвегиядағы алапат өрттен 100-ден астам үй жанып кетті 20:53
- Түркістанда «Шәмші әндері» өнер фестивалі өтіп жатыр 20:17