24 Қазан 2024 2024, 12:22 Фото: - архив

Қазақстанда көмір бағасы белгілі болды

Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов елімізде көмір бағасы қалай қалыптасқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов елімізде көмір бағасы қалай қалыптасқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрлік коммуналдық-тұрмыстық сектордың көмірмен қамтамасыз етуге жауапты. Алайда бүгінгі таңда мемлекет көмір бағасын реттемейді, – деді спикер ОКҚ-да өткен брифингте.

Жолмағамбетов разрездегі көмір бағаларына тоқталды. Оның дерегінше, бүгінгі таңда  «Шұбаркөл Көмір» - 9 мың теңге, «Қаражыра» - 8,7 мың теңге. «Майкубен-Вест» - 7 мың 800 теңге , «Шұбаркөл премиум» - 9 мың теңге.

Тұрар Жолмағамбетов көмірдің әлемдік нарықтағы бағасы туралы айтты.

Еуропалық нарықтағы бағаны алып қарасақ, онда көмір құны 100-110 доллар көлемінде. Осыған қарап біздегі бағаның 4 есе төмен екенін көреміз. Онымен қоса, отандық көмір көршілеріміз Өзбекстан, Қызғызстан және Ресейден де арзан. Сондықтан бізде қолайлы баға қалыптасты деп айтуға болады, – деді министрлік өкілі.