Қазақстанда көліктер өткізу бекеттерінен 10 минутта өтетін болады
Қазақстанда көліктер өткізу пункттерінен шамамен 10 минутта өтетін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанда көліктер өткізу пункттерінен шамамен 10 минутта өтетін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында мәлімдеді.
Айтуынша, салаларды цифрлық трансформациялау нәтижесі автожолдардың өткізу қабілетін 20 пайызға арттырады.
Өткізу пункттерінен автокөлікпен өту мерзімдері шамамен 10 минутты құрайтын болады. Жасанды интеллект технологиясын енгізу арқылы пойыздарды құру және жоспарлау уақытын 6 есеге төмендетеді. Әуежайларда жүктерді өңдеуді 1 сағатқа дейін қысқартады, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сонымен қатар министр белгіленген бағыттар бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын алға тартты. Сонымен қоса ол негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдау көлеміне оң әсерін береді деп отыр.
Еске салайық, бұған дейін Нұрлан Сауранбаев Қазақстанда жолдар пилотсыз көліктерге бейімделетінін айтқан болатын.
- Қазақстанда несие алу қиындады: Енді халықтың қарызы азая ма? 13:33
- 112-ден хабарламалар неге кешігіп келеді? ТЖМ мәселені қалай шешетінін түсіндірді 13:09
- Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында сөйлеген сөзінің толық нұсқасы 13:05
- Қазақстандықтардың жарық пен жылуға төлейтін ақысы тағы қымбаттай ма? Министр алдағы жоспарын айтты 12:57
- Қазақстан Ресейге бензин сатудан бас тартты ма? – Энергетика министрі қауесетке жауап берді 12:55
- Ақтауда су басқан көшеде көлігінің үстіне шығып, балық аулаған жігіт үш бап бойынша жазаланды 12:54
- Тоқаев: Әділетті қоғамды құру үшін халық әр іске жауапкершілікпен қарап, бір-біріне жанашыр болуы қажет 12:33