Қазақстанда климат қалай өзгеруде: "Қазгидромет" өкілінің жауабы

Қазақстандағы климаттың қаншалықты өзгеріске ұшырап жатқаны туралы "Қазгидромет" РМК гидрометорталығының директор Марина Шмидт түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, соңғы жылдары ауа температурасы жыл сайын көтеріліп келе жатыр.

Бізде қатты аязды күндер азайды. Сонымен қатар желдің орташа жылдамдығы да төмендеді. Бұл Қазақстан үшін үйреншікті құбылыс емес, себебі әдетте бізде жел күшті болады. Жалпы алғанда, климаттың өзгеріп жатқаны анық байқалады. Егер Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның деректеріне сүйенсек, орташа температура шамамен 1,5 градусқа көтерілген, - деп нақтылады «Қазгидромет» өкілі.

Сондай-ақ ол елде климаттың өзгеруін зерттейтін арнайы ғылыми-зерттеу орталығы бар екендігін айтты.

Сол орталықтың сайтында жыл сайын климаттың өзгеруі туралы арнайы бюллетень жарияланады. Онда республика бойынша әр өңірдегі жыл бойғы климаттық өзгерістер толық жазылады. Мәселен, болжам бойынша, бұл жолы қыс жылырақ болуы мүмкін, - деді Марина Шмидт.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер биыл қыс қандай болатынын айтты. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы