Қазақстанда кім мешіт сала алады?
Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Қайролла Көшқали елімізде кім мешіт сала алатынын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Қайролла Көшқали елімізде кім мешіт сала алатынын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның сөзінше, елордада мешіт салуға 35 адам өтініш білдірген.
Көбі аты қазақ, иісі мұсылман болған соң, мешіт салғылары келеді. Кейбірі жиналып, мешіт салғылары келеді. “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” заң бойынша мешітті кім сала алады? Заңды түрде ресми тіркелген діни бірлестіктер ғана мешіт салуға өтініш бере алады. Олар жергілікті әкімдікке мешіт салуға жер сұрап не жер болса, оған мешіт салуға рұқсат сұрап, өтініш білдіре алады, - дейді Көшқали.
Оның сөзінше, осындай ресми өтініш болғанда ғана бұл мәселе қаралады.
Заң бойынша мешіт салғысы келетін кез келген қазақстандықтың өтініші қаралмайды. Себебі заңда белгіленген алгоритм бар. Мысалы, егер белгілі бір елдімекенде мешіт болмаса, онда 50-150-ден астам тұрғыны жиналып, жергілікті бас имамға (не жергілікті ҚМБД-ға) барып, (мешіт салуға – ред.) өтініш білдіре алады.
Өтінішті имамдар мен заңгерлер қарап, оны толықтырып, ресми түрде діни бірлестіктің атынан жергілікті әкімдікке өтініш жібереді. Кейін әкімнің мешіт салуға үкімі шыққан соң діни бірлестіктер бұл жұмысты жалғастыра алады.
Бұған дейін қажылыққа барған азаматтар елімізге қанша діни кітап алып кіре алатынын жаздық.
- Референдумда ардагерлер де қалыс қалған жоқ 15:55
- Ресейлік байқаушы: Референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған 15:52
- ШЫҰ миссиясы: Қазақстандағы референдум халықаралық стандарттарға сай өтіп жатыр 15:47
- ТҮРКПА: Референдумда заңбұзушылықтар тіркелген жоқ 15:42
- Шетелдік байқаушы референдумға жастар белсенді қатысып жатқанын айтты 15:36
- «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы Бекдайыр әулеті өнері мен азаматтығы арқылы үлгі көрсетті 15:30
- Адал дауыс беру үшін барлық жағдай жасалған – Өзбекстан ОСК төрағасы 15:30