Қазақстанда кім әскерге шақырылмайтыны белгілі болды
Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, “Smart военкомат” жүйесі әскерге шақыртылуға жатпайтын азаматтарды автоматты түрде анықтап, оларды шақырту тізімінен шығарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл үшін азаматтардың ешқайда барып, құжат жинауы қажет емес.
Әскерге бармайтын санатқа кім жатады:
1. Студенттер
- Университеттер мен колледждерде күндізгі бөлімде оқып жүрген азаматтарға шақырту жіберілмейді.
- Олар тек “оқуда болғандықтан әскерден босатылдыңыз” деген SMS алады.
- Егер студент академиялық демалыс алса, әскери қызметке баруына рұқсат етіледі.
2. Денсаулығы жарамсыз азаматтар
- Медициналық көрсеткіштері бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандар.
- Мүгедектігі бар азаматтар да автоматты түрде тізімнен шығарылады.
3. Әскерге шақырудан заң бойынша босатылған басқа санаттар
Ахмедиевтің айтуынша, жүйе әскери міндеттен босатылатын барлық санатты автоматты түрде анықтайды және оларды шақырту процестеріне қатыстырмайды.
Бұрын бұл азаматтардың барлығы военкоматқа келіп, өз құқығын дәлелдеу үшін анықтамалар өткізетін. Қазір олардың 1 миллионнан астамы енді ешқайда бармайды. Жүйе бәрін өзі тексереді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы