Қазақстанда киім бағасы қаншаға қымбаттаған

Өткен жылдың 12 айында Қазақстанға 15,9 мың тонна киім әкелініп, оның жалпы құны 2,2 миллиард АҚШ долларын құраған, деп хабарлайды BAQ.KZ ranking.kz -ге сілтеме

Алдыңғы жылмен салыстырғанда, импорт көлемі физикалық тұрғыда 13%-ға, ал ақшалай түрде 36,6%-ға азайған.

Оған қоса, ТМД елдерінен 49,8 мың тонна киім импортталды — бұл 2023 жылмен салыстырғанда 21,7%-ға көп. Ең үлкен жеткізуші елдер – Ресей (28,7 мың тонна), одан кейін Өзбекстан (28,7 мың тонна), Беларусь (20,1 мың тонна), Қырғызстан (694,4 тонна) және Тәжікстан (105,3 тонна).

Ал ТМД-ға кірмейтін елдерден импорт 23%-ға азайып, 109,9 мың тоннаны құраған. Негізгі жеткізушілер – Қытай (85,5 мың тонна), Түркия (15,3 мың тонна) және Бангладеш (4,7 мың тонна).

Бағалар бойынша мәліметтер: ағымдағы жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша Қазақстанда сыртқы киімдер бағасы 2024 жылдың сол айымен салыстырғанда 10%-ға өскен.

Ең жоғары баға өсімі Түркістан (19,1%), Шығыс Қазақстан (15,6%) және Абай (13,8%) облыстарында байқалған. Ал Павлодар және Жамбыл облыстарында бағалардың ең аз өсуі тіркелген – әрқайсысында 5,4%.

Ерлер киімі орташа есеппен 9,9%-ға, әйелдер киімі 10,3%-ға, балалар киімі 9,7%-ға қымбаттаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы