Қазақстанда кеме жасайтын зауыт салынады

Құрық-Алят қатынасында тек әзербайжандық паромдар жұмыс істейді. Қазірдің өзінде бізге ең кемінде 7 кеме қажет. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көлік министрі Ақтау және Құрық теңіз порттарының инфрақұрылымы маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Алдағы 3 жылдың ішінде Ақтау портының контейнер өңдеу қабілетін 140 мыңнан 550 мың контейнерге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Ол үшін қытайлық “Ляньюньган порт” компаниясымен бірге контейнерлік хабтың құрылысы басталды. Оған қоса, германиялық Ренус, америкалық Wandernet және франциялық CMA CGM сияқты компаниялармен қосымша 300 мың контейнерлік терминал ұйымдастыру пысықталып жатыр, - деді Қарабаев Мәжілісте.

Сонымен қатар Құрық портында көпфункционалды “Саржа” терминалының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Маңғыстау облысында жасыл сутегіні тасымалдауға арналған тиісті терминалдың жобаланып жатқанын атап өткен жөн. Келесі негізгі мәселелердің бірі – отандық флоттың жетіспеушілігі. Бүгінде Құрық-Алят қатынасында тек әзербайжандық паромдар жұмыс істейді. Қазірдің өзінде бізге ең кемінде 7 кеме қажет. Оның өндіру үшін түркиялық YDA және ASFAT компаниялары Құрық портының жанында арнайы зауыт құрылысын жоспарлап отыр, - деп түсіндірді Көлік министрі Марат Қарабаев Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы