Қазақстанда кассациялық соттар құрылды
Қазақстанда сот жүйесін реформалаудағы маңызды кезең басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанда сот жүйесін реформалаудағы маңызды кезең басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі Ерлан Айтжанов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
1 шілдеден бастап Қазақстанда қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот жұмысын бастайды. Олардың құрылуы Жоғарғы Соттың рөлінің өзгеруімен тікелей байланысты.
Еліміздің сот жүйесін дамытудың мұндай уақтылы және тиімді қадамы Жоғарғы Соттың жүктемесін азайтып, оның назарын құқық қолданудың негізгі мәселелеріне шоғырландыруға; істерді қайта қараудың қосымша инстанциясын енгізу арқылы, азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін арттыруға; заңдылықты бақылауды нысаналы түрде жүргізу арқылы, сот шешімдерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, - деді спикер.
Айтуынша, Жоғарғы Сот заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қараудың негізгі инстанциясы болса, енді оның негізгі міндеті – сот практикасының бірізділігін қамтамасыз ету.
Ол тек ерекше жағдайларда – Жоғарғы Сот судьясының ұсынысы немесе Бас Прокурордың наразылығы негізінде істерді қарайтын болады. Ал кассациялық соттардың негізгі рөлі – заңды күшіне енген сот актілері бойынша істерді қайта қарау, - деп түсіндірді Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі.
- Солтүстік Корея ұшырған баллистикалық зымыран Жапон теңізіне құлады 07:17
- Қызылорда облысында қызанақты қайта өңдейтін зауыт салынады 06:40
- Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 250-ден асты 05:25
- Мектеп рюкзагын таңдағанда ата-аналар неге мән беруі керек? ДСМ жауап берді 04:19
- Иран Ормуз бұғазын ашудың шарттарын атады 03:43
- Аптап ыстық және өрт қаупі: Бірқатар өңірде ескерту жарияланды 02:37
- Венгрия Парламенті жаңа президентті сайлады 01:29