Қазақстанда ішкі туристер саны бойынша рекорд жаңарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Былтыр Қазақстанда ішкі туристердің рекордтық көрсеткіші – 6,9 миллион адам тіркелді. Бұл пандемияға дейінгі деңгейден 5 пайызға және алдыңғы жылғы көрсеткіштерден 35 пайызға жоғары, деп хабарлайды Kazakh Tourism ұйымының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ішкі туристік ағымның өсуіне байланысты отандық қонақүйлер көрсеткен қызметтер көлемі шамамен 90 пайызға дейін қалпына келіп, 109 миллиард теңгені құрады.

Статистикада орналастыру орындарының өсуі байқалды: 2020 жылы олардың саны 3 514 бірлікті құрады, ал 2021 жылы 172 жаңа орын пайда болды. Демек, бөлме қоры ұлғайып, 193 030 төсек-орынды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 417 төсек-орынға артық.

Қазір шетелдік туристік ағын әлі де ковидтен кейін қалпына келіп жатыр. Ресми түрде, өткен жылы 330 мың шетелдік турист келген. Бұл 2021 жылғы деңгейден 31 пайызға жоғары, бірақ 2019 жылғы ковидке дейінгі көрсеткіштен аз.

Сонымен бірге, ұлттық оператордың баспасөз қызметі 74 мемлекетпен визасыз режим осы жылдың басынан бастап ғана қайта басталғанын, ал Қазақстанға кіруге жабық құрлық шекаралары сияқты кейбір ковидтік шектеу әлі де өзекті болып қалатынын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы