Қазақстанда ипотека шарттары қалай өзгеруі мүмкін?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова ипотека бойынша шекті мөлшерлемені шектеу мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова ипотека бойынша шекті мөлшерлемені шектеу мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Ол Қазақстандағы нарықтық ипотеканың үлесі өсіп келе жатқанын айтты.
Қазір банктердің портфеліндегі нарықтық ипотеканың үлесі шамамен 35%-ды құрайды. Базалық мөлшерлеменің жоғары болуына байланысты ипотекалық кредиттер бойынша да пайыздық мөлшерлеме өсті. Қазіргі таңда ол орта есеппен 21–23% шамасында. Біздің шараларымыздың мақсаты – осындай жоғары пайызбен ипотека беруді тежеу, өйткені ипотека, әдетте, ұзақ мерзімді сипатқа ие, – деді ол.
Оның айтуынша, жоғары мөлшерлеме ипотеканың өзіндік құнын айтарлықтай арттырады және соның салдарынан тұрғын үйдің де қымбаттауына әсер етеді.
Азамат ипотеканы толық төлеп біткенше, тұрғын үйдің де құны өзгеріп, амортизацияға ұшырайды. Сондықтан осы факторларды ескере отырып, біз ипотека бойынша шекті мөлшерлемені шектеу қажет деп санаймыз, – деді Әбілқасымова.
- Риддерде жер үйдің ауласына аюлар кіріп кетті 10:10
- Алматыда LRT құрылысына байланысты бірнеше қоғамдық көліктің схемасы өзгереді 09:53
- Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті жұмысын бастады 09:36
- «Bingo-37» және «Lotoboom»: Шымкентте онлайн-казино ұйымдастырушылары сотталды 09:24
- «Қазақстан құрамасы мұндай төмен нәтиже көрсетпеуі тиіс»: ҚФФ бас хатшысы мәлімдеме жасады 08:50
- Ақтау порты контейнерлік тасымал бойынша рекорд жаңартты 08:21
- Медициналық нысандар мен тегін дәрі-дәрмек: Денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістер 08:00