Бүгiн 2026, 15:45 Фото: pexels.com

Қазақстанда ипотека шарттары өзгеруі мүмкін

Елімізде ипотекаға қатысты жаңа шаралар қолға алынбақ.

Қазақстан Ұлттық банкінде ипотекалық бағдарламалар шарттарын қайта қарау мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы қаржы реттеушісі төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжіліс кулуарында мәлімдеді.

Ол елде ипотекалық қарыз алушылар саны азаймай отырғанын атап өтті.

Осыған байланысты келесі жылдың шілде айынан бастап біз әдіснамамен жұмыс істеп жатырмыз – белгілі бір шаралар қабылдаймыз. Себебі, тағы да қайталап айтамын, жылдық 25% мөлшерлемемен ипотека – өте қауіпті. 10 жылдағы артық төлем үш есеге дейін жетеді. Біз қаржылық тұрақтылықтың бұзылуына жол бермеуіміз керек, азаматтарымыздың қаржылық кіріптарлыққа түсуіне жол бермеуіміз қажет, – деді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов.

Доллар арзандаса, теңге неге күшейеді және бұл экономикаға қалай әсер етеді? Ұлттық банк басшысы негізгі себептерді түсіндірді. 

Сондай-ақ, Тимур Сүлейменов ерекше балалардың Ұлттық қордағы ақшасын кім басқара алатынын түсініктеме берді.