Қазақстанда инсульттен кейінгі оңалтуды жеңілдететін экзоскелет нарыққа шығады

Nazarbayev University-нің (NU) ғалымдары әзірлеген Astana Gait Exoskeleton Assisted Rehabilitation (A.GEAR) инновациялық медициналық экзоскелеті мемлекеттік тіркеудің барлық кезеңінен ресми түрде өтіп, жаппай өндіріске дайын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрылғы инсульттен кейінгі науқастарды және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды оңалтуға арналған. Ол lәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының оң қорытындысынан кейін тіркеу куәлігін алды.

A.GEAR — клиникалық қолдануға толық дайын отандық жоғары технологиялы медициналық құрылғылардың санаулысының бірі. Оның құны шетелдік баламалардан бірнеше есе төмен. Бұл Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі үшін озық оңалту технологияларын қолжетімді етіп, қымбат импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Әлемде ғылыми идеядан бастап медициналық құрылғыны тәжірибеге енгізуге дейінгі жол әдетте 10–15 жылға созылады. Біз бұл кезеңнен небәрі төрт жылда— зертханадан сертификатталған медициналық өнімге дейін — өте алдық, — деді жоба жетекшісі, NU профессоры Прашант Джамвал. 

Оның айтуынша, экзоскелет импорттық оңалту роботтарын алмастырып, бюджет қаражатын миллиондаған доллар көлемінде үнемдеуге және еліміздің барлық өңіріндегі пациенттердің заманауи қалпына келтіру әдістеріне қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Экзоскелетті әзірлеу 2021 жылдың соңында NU жанындағы Медициналық робототехника зерттеулерінөткізетін құзырет орталығында (CEMRR) басталды. Жобаны коммерцияландыруды NU түлегі ШыңғысДәулетбаев басқаратын Robotics and Artificial IntelligenceЖШС жүзеге асырады.

Университет ғалымдарының әлемдегі ең үздікзерттеушілердің 2%-ына кіруі біз үшін үлкен мақтаныш. Олардың әзірлемелері Қазақстанның дамуына ғана емес, медицина мен технология саласындағы жаһандықпрогреске де үлес қосады, - дейді Nazarbayev University президенті, профессор Вакар Ахмад.

A.GEAR клиникалық сынақтары Қарағанды мен Астана қалаларының медициналық ұйымдарында инсульттенкейінгі пациенттердің және балалар церебралды сал ауруы диагнозы қойылған жасөспірімдердің қатысуымен жүргізілді. Техникалық және клиникалық сынақтар сәтті аяқталып, тіркеу куәлігі алынғаннан кейін жобакомандасы «СК-Фармация» ЖШС-мен ұзақ мерзімді келісімшарт жасауға дайындықты және дистрибьютор іздеуді бастады.

2026 жылы Nazarbayev University Технопаркі базасында кемінде бес экзоскелет өндіру жоспарланып отыр. Кейін медициналық ұйымдарға жеткізу көлемін ұлғайтып, қымбатырақ импорттық жабдықты кезең-кезеңімен алмастыру көзделген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы