Қазақстанда инновациялық онкологиялық дәрі-дәрмектердің өндірісі басталады
Roche компаниясы әзірлеген онкологиялық ауруларды, атап айтқанда сүт безі обырын емдеуге арналған үш биотехнологиялық дәрі-дәрмектің жергілікті өндірісіне жол ашпақ, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
17 қарашада швейцариялық F. Hoffmann-La Roche Ltd компаниясы, "СҚ-Фармация" ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы, "Нобель Алматы фармацевтикалық фабрикасы" АҚ-ы (Нобель АФФ) және Қазақстандық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты (ҚазОРҒЗИ) арасында 2022 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Roche компаниясы арасында қол қойылған Жергіліктендіру туралы келісім негізінде бірегей патенттелген дәрілік заттарды жеткізудіңтарихи ұзақ мерзімді шартына қол қойылды, - деп жазылды "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ұзақ мерзімді шартқа ресми қол қою рәсімі ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайыловтың төрағалығымен өткен еліміздегі басты инвестициялық оқиға Қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстел аясында өтті.
Бұл келісім Roche компаниясы әзірлеген онкологиялық ауруларды, атап айтқанда сүт безі обырын емдеуге арналған үш биотехнологиялық дәрі-дәрмектің жергілікті өндірісіне жол ашады.
Онкологиялық аурулар Қазақстанда өлімнің негізгі себебі болып табылады. Соңғы 20 жылда елімізде онкологиялық аурулармен сырқаттанушылық 25%-ға өсті. Қазіргі уақытта онкологиялық ауруларға байланысты 205 000-нан астам қазақстандық динамикалық бақылауда. Жыл сайын 37000-нан астам жаңа жағдай анықталады, айта кететіні, әйелдердің сырқаттануы ерлерге қарағанда біршама жоғары (сәйкесінше 57% және 43%). Себебі сүт безі қатерлі ісігі әйелдер арасында жетекші онкологиялық ауру болып табылады, – деп жазылған компанияның хабарламасында.
2021-2022 жылдары Президенттің Қазақстандық пациенттерде HER-2 оң сүт безі обырын емдеу үшін маңызды шаралар қабылдау туралы тапсырмасы негізінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Негіздемелік келісім, содан кейін инновациялық дәрілік заттарды әзірлеу және өндіру саласындағы әлемдік көшбасшы Roche компаниясымен Жергіліктендіру туралы келісім жасасты. Roche Қазақстан Республикасында жергілікті өндірісті құру туралы келіссөздерге бастамашы болған алғашқы трансұлттық фармацевтикалық компания болды.
Жергіліктендіру туралы келісім шеңберінде Roche келісімшарттық өндіріс негізінде үш биотехнологиялық дәрі-дәрмекті жергілікті өндіру үшін озық технологиялар мен ноу-хаудың берілуін және ұзақ мерзімді шарт негізінде жергілікті серіктес тарапынан патенттелген бірегей дәрілік заттарды кейіннен жеткізуді қамтамасыз етуге міндеттенді. Бұл маңызды қадам Қазақстандағы сүт безі обыры бар барлық пациенттер үшін жоғары сапалы дәрілік заттардың бағасын төмендетуге және қолжетімділігін арттыруға көмектеседі.