Қазақстанда "инфосығандарға" қарсы петиция жарияланды
Желіде отырып, ақыл айтатындарға қарсы шыққандар қол жинап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Петиция alash.online сайтында пайда болды.
Біздің елде әлеуметтік желілердің дамуымен блогерлер мен инфлюенсерлердің ықпалы күшейе түсті. Бұл ретте біз "инфосығандар" деп аталатын құбылысқа тап болдық. Желіде отырып "ақыл айтатындар" онлайн-сайттарда ақпараттық өнімдерді (нұсқаулықтар, курстар, кітаптар) ұсынады. Алайда, өкінішке қарай, мұндай өнімдердің көбіне еш практикалық құны жоқ, - дейді петиция авторлары.
Мұндай адамдар өздерін инфобизнесмендер, бизнес-жаттықтырушылар, жаттықтырушылар және мотиваторлар ретінде көрсетеді. Олар аудиторияға "қаржылық сауатыңды арттырамыз", "рухани ағартамыз" және "керемет табысқа жеткіземіз" деп уәде береді.
Бұл адамдар өздерін сарапшылар ретінде көрсете отырып, пайдасыз ғана емес, керісінше, жалған, кейде тіпті зиян ақпаратты да насихаттайды. Сондай-ақ біздің елімізде осындай "ақпараттық сығандар" үшін шынымен құнды ақпарат ұсынатын нақты сарапшылардың беделіне теріс әсер етіп жатыр, - дейді қол жинаушылар.
Осыған байланысты петиция авторлары Қазақстан азаматтарын қол қоюға шақырып, келесідей ұсыныстар білдірді:
- Пайдасыз ақпараттық өнім жасауға және сатуға байланысты қызметтің жолын кесу үшін заңнамалық әрі ұйымдастырушылық шаралар қабылдау.
- Жалған ақпараттық өнімге қатысты сауатты арттыру үшін халық арасында ақпараттық ағарту жұмыстарын жүргізу.