Қазақстанда иммигрант қанша уақыт бола алады

Қазақстан Республикасы ІІМ көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келу және болу, сондай-ақ олардың сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларына және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы қаулы дайындылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Атап айтқанда, иммигранттардың елде болуына рұқсат етілген мерзім нақтыланады.

Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болуының рұқсат етілген мерзімі:

  • Қазақстан Республикасына виза алуды талап етпейтін тәртіппен келген көшіп келушілер үшін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн жиынтығында күнтізбелік бір жүз сексен күндік әрбір кезең ішінде тоқсан күнтізбелік күн өткен соң (өздеріне қатысты Қазақстан Республикасында болуға рұқсат етілген мерзім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң аяқталатын Иран Ислам Республикасының, Қытай Халық Республикасының және Үндістан Республикасының азаматтарын қоспағанда);
  • Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердің азаматтары үшін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап жиынтығында күнтізбелік бір жүз сексен күндік әрбір кезең ішінде тоқсан күнтізбелік күн өткен соң;
  • Қазақстан Республикасына кіруге арналған визаның негізінде келген көшіп келушілер үшін – визаның мерзімі өткен соң;
  • болудың өзге мерзімдерін айқындайтын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар бар мемлекеттердің азаматтары үшін – осы шарттарда көрсетілген мерзімдер өткен соң;
  • уақытша тұруға рұқсат ресімдеген көшіп келушілер үшін – осы рұқсаттың қолданылу мерзімі өткен соң;
  • Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзуға бұрын жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған көшіп келушілер үшін – әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарғаннан кейін он бес күн өткен соң;
  • қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталған көшіп келушілер үшін – оларды сот шешімінің негізінде елден шығару жағдайларын қоспағанда, жазасын өтегеннен немесе жазадан босатылғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң;
  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұрған және шет елге тұрақты тұруға Қазақстан Республикасынан шығуға құжаттар ресімдеген көшіп келушілер үшін – құжаттар ресімделгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде;
  • қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіппен өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс деп танылатын іс-әрекеттер жасалғаны туралы хабарлаған көшіп келушілер үшін - Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес арыз қаралғаннан кейін күнтізбелік отыз күні ішінде;
  • Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға шартты түрде сотталған, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған көшіп келушілер үшін – тағайындалған жазаның мерзімі не жазаның өтелмеген бөлігі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он бес күн өткеннен соң аяқталады;
  • қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіппен осындай қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер немесе куәгерлер деп танылған көшіп келушілер үшін – болу мерзімі қылмыстық істі тергеу үшін қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын кезеңге ұзартылады;
  • айрықша жағдайларда (әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде және дүлей апаттың немесе ірі ауқымды аварияның (апаттың) нақты қауіп төндіруіне байланысты төтенше жағдай енгізілген кезде, сондай-ақ көліктің жұмыс кестесі бұзылған кезде) – болу мерзімі шығуды ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.

Көшіп келушілерге ішкі істер органдары осы Қазақстан Республикасында болудың рұқсат етілген мерзімі туралы қағидаларға қосымшаға сәйкес хабарлама береді, көшіп келуші ол өткенге дейін Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.

Көшіп келушілерге келу кезінде оларға рұқсат етілген болу мерзімін есептеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің лауазымды адамы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде 180 күн бұрын нақты кірген күннен бастап санап шығару жолымен жүзеге асырады. 

Бұл ретте бұл талаптар Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат алған көшіп келушілерге қолданылмайды.

Қазақстан Республикасынан жалға алынған аумақтарда тұратын немесе жұмыс істейтін көшіп келушілерді есепке алу жалға алынған аумақтан тыс жерлерге шыққан кезде жеке басты және жалға алынған аумақта тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін куәландыратын құжаттардың негізінде көші-қон қызметінің ақпараттық жүйесінде  жүргізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы