Қазақстанда халықтың тұрақты өсуі үшін қандай шаралар қабылданып жатыр

Қазақстан халқы 20 миллионға өсті. 1991 жылы халықтың саны 16,4 млн болса, тәуелсіздік жылдары халықтың саны үздіксіз өсіп, 20 миллиондық межеге жетті. Бұл туралы әлеметтанушы Жақсыбек Жиенәлиев айтты, деп хабарлайды BAQ тілшісі.

Бұл елдегі бала тууды ынталандыру және ана мен баланы қолдау мақсатында отбасыларға жан-жақты көрсетілген қолдаудың нәтижесі екені сөзсіз. Мемлекет бала өсуінің барлық кезеңдерінде отбасыларды қолдауды тоқтатпайды. Халықтың осал топтары үшін түрлі жәрдемақылар, Отбасының цифрлық картасы енгізілді. "Ұлттық қор – балаларға" бастамасы іске асырылды. Бұл шаралар балалардың әл-ауқатын нығайтуға және аналарды қорғауға бағытталып отыр. Келесі меже 30 млн-ға жету. Бәрі жағдайға байланысты. Отбасыларға жақсы материалдық көмек көрсетілсе демографиялық өсу тез болады, - деді әлеуметтанушы Жақсыбек Жиенәлиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы