Қазақстанда газ тұтынушылар екі санатқа бөлінеді: Кімге қалай әсер етеді?

Газбен жабдықтау мәселелері жөніндегі заң жобасында «коммуналдық-тұрмыстық тұтынушы» және «өнеркәсіптік тұтынушы» ұғымдарын нақты ажырату көзделіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекітетін қағидалар негізінде барлық тұрмыстық тұтынушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормаларын жергілікті атқарушы органдар айқындайды.

Сондай-ақ газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға бірқатар қосымша функциялар жүктеледі. Атап айтқанда, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен салынатын газ құбырларының құрылысына арналған жобалау тапсырмаларын келісу, сондай-ақ газбен қамтуға қатысты бюджеттік жобалардың құрылыс барысын бақылау осы оператордың құзыретіне өтеді.

Бұдан бөлек, бюджет қаражаты есебінен салынған газ құбырларын әкімдіктер ұлттық оператордың балансына тікелей береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы