Қазақстанда ғарыш саласы қалай дамып жатыр

29 қазан күні «Ghalam» компаниясы Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығында баспасөз-турын өткізді. Іс-шарада елордалық БАҚ өкілдері ғарыштық техника саласындағы өндірістік желілердің жұмысымен танысуға мүмкіндік алды.

BAQ.KZ журналистері де Ұлттық ғарыш орталығында қандай ғарыш аппараттары мен олардың компоненттерін өндіріліп жатқанын көріп қайтты.

Баспасөз-турына «Ghalam» компаниясының бас директоры Бауыржан Алматов жетекшілік етті.

«Ghalam» компаниясы 2010 жылы Қазақстан мен Франция арасындағы әріптестік шеңберінде құрылған.

«Ghalam» - бүгінгі таңда ғарыш аппараттары мен олардың компоненттерін өндіруде негізгі ойыншы.

Бауыржан Алматов ғарыштық техника бойынша арнайы конструкторлық-технологиялық бюромен таныстырды, онда ғарыш аппараттарын жобалау және әзірлеу жүргізіледі.

Сондай-ақ журналистер ғарыш аппараттарының жинау-сынақ кешенімен танысуға мүмкіндік алды. Бұл Орталық Азиядағы жобалаудан бастап 6 тоннаға дейінгі спутниктерді толық сынақтан өткізуді қамтамасыз ететін бірегей кешен.

Сынақ өтетін кезде учаскелерде қызметкерлер болмайды. Мамандар сынақ процесін басқа кабинетте отырып бақылап, мониторинг жүргізеді.

Екі кешен де сертификатталған және халықаралық сапа стандарты ISO 9001-ге сәйкес келеді. Бұл өндірілетін өнімнің қауіпсіздік және сапа талаптарының жоғары деңгейін растайды.

Өндірістік желілер – бұл біздің компания мен Қазақстанның ғарыштық саласы үшін маңызды қадам. Біз тек жоғары технологияларға ғана емес, сонымен қатар отандық инженерлік шешімдер мен өндірісті дамытуға да ұмтыламыз, - деп атап өтті компания басшысы.

БАҚ өкілдері ғарыш аппараттарының ұшу басқару орталығына (ҒБО) барып, кешеннің негізгі функцияларымен танысты. Ұшу стратегиясын әзірлеу, траекторияны таңдау және маневрлерді есептеу процесі көрсетілді.

ҒБО борттық жүйелердің жұмысын бақылау, ғарыш аппараттарымен байланыс орнату, сондай-ақ командаларды орындау және траекторияларды түзету қалай жүзеге асырылатыны көрсетілді.

Бауыржан Алматов болашақ жоспарларн айтып, компанияның жоғары рұқсатпен спутниктер мен жерді қашықтан зондтау топтамасын кеңейтумен белсенді айналысып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар ол жаңа технологияларды игеру және ғылыми жобаларға қатысу үшін ғылыми-технологиялық спутниктерді жасаудың маңызды екенін айтты, бұл Қазақстанның ғарыштық саласы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

29 қазанда Мемлекет басшысының Моңғолияға ресми сапары аясында жерді қашықтан зондтау ғарыштық жүйесін құру мақсатында инвестициялық келісімге қол қойылғанын еске сала кетейік. Бұл ынтымақтастық Моңғолия үшін бірлескен спутниктер топтамасы құрамында спутник әзірлеуді қамтиды.

Бұл келісім аясында әзірленген спутниктік технологиялар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жағдайын мониторинг жасау және қоршаған ортадағы өзгерістерді талдау үшін қолданылады.

Бұл серіктестік тек ғылыми және техникалық байланыстарды тереңдетіп қана қоймай, екі елдің мамандары арасында тәжірибе мен білім алмасуға жаңа мүмкіндіктер де жасайды, — деп айтты Ghalam компаниясының басшысы Бауыржан Алматов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы