Қазақстанда фармацевтикалық нарықтың көлемі артты
Соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанда фармацевтикалық нарықтың көлемі 2 есеге, ақшалай түрде - 1 млрд доллардан 2 млрд долларға дейін ұлғайды, деп хабарлады BAQ.KZ.
Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшілерімен кездесу барысында айтты.
Оның айтуынша, он жылдың ішінде фармацевтика саласына салынған инвестицияның көлемі 6 есеге, 7 млн. доллардан 44 млн. долларға дейін өсті. Сондай-ақ, дәрілік өнім өндірісінің өсуі байқалды, бұл көрсеткіш 2019 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде екі есеге ұлғайды, бұл осы бағыттың жоғары әлеуетін көрсетеді.
Өз сөзінің басында Женсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев денсаулық сақтау кез келген қоғам мен мемлекет өмірінің маңызды аспектілерінің бірі болып табылатынын және біздің елдеріміздің осы саладағы ынтымақтастығы елеулі табыстар мен жетістіктерге жеткенін атап өтті.
Ол Қазақстанның өзінің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға нақты көзқарасы бар екенін атап өтті. Үкімет сапалы медициналық көмекке жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етуге, кәсіптік медицинаны дамытуға, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және медициналық қызмет көрсетуді жақсарту үшін технологияларды пайдалануға ұмтылады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алдына 2029 жылға қарай отандық өндірістегі дәрі-дәрмектердің үлесін ішкі нарықта 50%-ға дейін жеткізу міндеті қойылды. Оған қол жеткізу және шетелдік қатысумен инновациялық препараттарды орналастыру бойынша бірқатар жобаларды іске асыру үшін Министрлік екі бағыт бойынша жұмыс жүргізуде: бұл НҚА-ны жетілдіру және BIGPHARMA компанияларын тарту,-деп атап өтті вице-министр.
Ол шетелдік әріптестермен фармацевтика саласының әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін бірқатар мемлекеттік қолдау шараларын атады. Оның айтуынша, бірегей препараттарды келісімшарттық өндіруге тапсырыс берушілермен он жылға дейінгі мерзімге Бірыңғай дистрибьютор жасасатын дәрілік заттарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу көзделген. "ҚР аумағында өндіріске шетелдік компанияларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Түпнұсқа препараттар өндірісін орналастыру халыққа дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін арттырады, бұл әлеуметтік мәні бар инфекциялық аурулардан болатын өлімнің деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Қазақстан пациенттерінің кең ауқымына препараттардың қолжетімділігі, ең алдымен, ТМККК шеңберінде, сондай-ақ МӘМС жүйесінде қамтамасыз етіледі. 2019 жылдан бастап оған бөлінетін ақшалай қаражаттың көлемі екі есе өсті. Бұл нозологиялар мен дәрі - дәрмектердің санын 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді, пациенттерді қамту бір жарым есеге артты",-деді вице-министр.
Қазақстанда бірқатар ұлттық бағдарламалар, оның ішінде екі жылдың ішінде ауыл тұрғындары үшін мамандандырылған және технологиялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесін толық шешуге арналған "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы іске асырылып жатқанын естеріңізге сала кетейік.
Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту, жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулармен күресу, ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі кешенді жоспарлар іске асырылуда.
МӘМС бюджет қаражаты мен активтері есебінен медициналық көмек көрсетуге арналған шығыстар жыл сайын өсуде және ағымдағы жылы 2,5 трлн теңгені құрайды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1,7 есе өсуді білдіреді, яғни денсаулық сақтауды қаржыландырудың жыл сайынғы өсімі орта есеппен 20%-ды құрайды. Бұдан басқа, Мемлекет басшысы 2027 жылға қарай ЖІӨ-нің 5%-на дейін денсаулық сақтауды қаржыландыру деңгейіне қол жеткізу мақсатын қойды.