Қазақстанда Еуропалық иммундау апталығы басталды

Бұл туралы Астана қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Апталықтың негізгі мақсаты - жұқпалы ауруларға қарсы алдын алу шараларының бірі ретінде иммундаудың маңыздылығы туралы халықтың хабардар болуын арттыру.

Маман сөзінше халықты жоспарлы иммундау үшін Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткен вакциналар қолданылады.

Балаларға жоспарлы профилактикалық егулер ҚР Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. 11 инфекцияға қарсы барлық міндетті екпелер бюджет қаражаты есебінен тегін жүргізіледі. Сондай-ақ 11 жастағы қыздарға адам папиломасы вирусына қарсы екпе салынады. Аталмыш вакцинация 6 ай аралықпен жүргізіледі және 2024 жылдың күзінен бастауды жоспарлайды,- деді ол.

Сондай-ақ Астана қаласында профилактикалық егулерді кеңінен жүргізудің арқасында қазіргі уақытта мынадай инфекциялар жоқ: дифтерия, сіреспе, полиомиелит, қызамық, құтыру, В типті гемофильді инфекция, пневмококкты инфекциялар жоқ, ал паротит жекелеген жағдайлар түрінде тіркелетінін атады.

Дегенмен маман сөзінше жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан қызылша, көкжөтел және А вирустық гепатиті секілді инфекциялар өршіп тұр.

Ағымдағы жылдың үш айында қызылшаның 1063 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейін – 734 жағдай. Науқастардың 84% - ы қызылшаға қарсы вакцинацияланбаған, олардың 58%-ның вакцинация жоқ, ал 36,5% -ның иммундау мәртебесі белгісіз. Сондай-ақ 98 ЖҚА жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен сырқаттанушылықтан 2 есе жоғары. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар мен 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 25 жағдай тіркелді,- деді маман.

Ал көкжөтелмен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық қолайсыздық байқалатынын да атап өтті.

Ағымдағы жылы көкжетелмен сырқаттанушылықтың 163 жағдайы тіркелді, өткен жылдың 3 айымен салыстырғанда инфекцияның өсуі 98 % - ға артқан,-деді Сархат Бейсенова.

Жоғарыдағы инфекциялардың барлығы уақытылы вакцина алмағандықтың салдары. Себебі 5 жастағы балалар арасында 3400 бала көкжетел бойынша вакцина алмаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы